Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үкімет қорытындыларын кейде 7 ай күтеміз – Қошанов

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
30 Маусым 2025, 12:26
456
Бөлісу:
 Мәжіліс Баспасөз қызметі
Фото: Мәжіліс Баспасөз қызметі

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Үкіметтің жұмысын сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Үкіметпен өзара іс-әрекет кезінде жыл сайын қайталап айтып жүрген мәселелеріне тоқталды.

Заңға сәйкес, қосымша қаржыны талап ететін ұсыныстар мен түзетулер Үкіметтің қорытындысын қажет етеді. Өкінішке қарай, біз заң жобаларын қарау барысында үнемі Үкіметтің қорытындыларын ұзақ күтуге мәжбүрміз. Кейде оларды 7 айға дейін күтеміз, - дейді Қошанов бірлескен отырысында.

Сөзінше, бұл жайт Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуын, халық күтіп отырған маңызды заңдардың уақтылы қабылдануын кешеуілдетеді.

Өзгелердің жаңалығы