Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үкімет қаза болған кеншілерді 1 минут үнсіздікпен еске алды

Олжас АДАЙ
31 Қазан 2023, 10:14
847
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында “Костенко” шахтасында қаза болған кеншілерді бір миниутқа еске алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, өрт болып, кеншілер қаза тапты. Қаншама адамның өмірін қиған апат қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Үкіметтің және өз атымнан қара жамылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз, – деді Премьер-министр Әлихан Смайылов.

Еске сала кетейік, 28 қазанда сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 46 кеншінің денесі табылды. 

Өзгелердің жаңалығы