Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үкімет қалдықтарды бір рет заңдастыруды ұсынды

Жансая ҚАМБАР
25 Қараша 2025, 11:55
373
Бөлісу:
 Үкімет
Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Үкімет отырысында бүгінгі таңда қалдықтың пайда болуы мен қозғалысының толық көрінісі жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалдықтардың 30 проценті есептерде көрсетілмейді және бақылау жүйесінен тыс қалады. Кәсіпорындардың тек 10 проценті ғана есепті электрондық форматта тапсырады. Техногендік минералдық түзілімдер бойынша қалдықтардың мемлекеттік кадастры мен Геология комитеті ақпаратының елеулі айырмашылығы бар, - деді вице-министр.

Әлиев мәселені шешудің негізгі шараларын атады:

  • қалдықтың барлық түрлерін толық түгендеу және қалдықтарды мемлекеттік кадастрын жаңарту;
  • барлық қалдық түзушілерді ақпараттық жүйеде міндетті тіркеу;
  • жасанды интеллектті енгізу арқылы саланы цифрландыру.

Сондай-ақ вице-министр қалдықты бір реттік легализациялау жұмысы жүргізілетінін айтты.

Қалдықты бір реттік заңдастыру, яғни легализациялау, бұл қалдық иелеріне есепте жазылмаған нақты жиналған көлемді айыппұлсыз есепке алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде барлық қалдықтардың нақты көрінісі анықталып, олардың пайдалы фракциялары айқындалып, қайталама айналымға тарту мүмкіндігі пайда болады, - деді Әлиев.

Айта кетейік, бұл шаралар Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі тұжырымдама жобасына енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы