Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үкімет отырысында елдің жартыжылдық әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралады

14 Шілде 2025, 20:00
1004
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

15 шілде күні Үкіметтің кезекті отырысы өтеді. Жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Үкімет отырысы мен баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімі BAQ.KZ сайтында жүргізіледі.

Еске сала кетсек, өткен отырыс ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне арналды. Премьер-министр Олжас Бектенов жыл соңына дейін еліміздегі мал шаруашылығы саласын толық цифрландыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Мемлекет басшысының туризм саласына қатысты тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіру үшін өңірлерге Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов іссапарға жіберілді.

Атап айтқанда, Ермек Көшербаев Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы жұмыстардың барысын тексерді.

Өзгелердің жаңалығы