Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың інісі Ержан Біртанов сот отырысында ағасына қолдау көрсетті.
Елжан Амантайұлы тек Премьер-министр мен үкімет мүшелерінің ғана емес, қарапайым халықтың да денсаулығына қауіп төндіргісі келмеді. Сондықтан ол үкімет бортын да, азаматтық авиакөлікті де қолдана алмады. Санавиация бортын пайдалануға мәжбүр болды. Бұған оның тікелей басшысы Премьер-министр рұқсат етті, - деді Ержан Біртанов.
Ержан Біртанов күдікті ағасын ақтау кезінде мұндай қылмыстық іс қозғауды шектен шыққандық екенін айтты.
Ағам ем қабылдау үшін Таразда қалудың орнына Нұр-Сұлтандағы жұмысына асықты. Себебі ол коронавирусқа қарсы күрес жүргізу бойынша штабтың тәулік бойғы жұмысын басқарды. Санавиация ережесі бойынша көлік жетуі қиын аймақтағы адамдарды емдеу үшін дәрігерлер санавиацияны қолдана алады. Ал Елжан Амантайұлы халықты коронавирустан құтқаруы тиіс дәрігерлердің бірі болды, - деді ол.
Бұған дейін Елжан Біртановтың Премьер-министр Асқар Мамин мен министрлерді індеттен құтқару үшін қандай әрекетке барғаны айтылды.