Үкімет коммуналдық тариф туралы: Қымбаттату - қажеттілік

12 Шілде 2023, 11:10
1172
Бөлісу:
Үкімет коммуналдық тариф туралы: Қымбаттату - қажеттілік
Фото: Арман Мухатов - архив

Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында коммуналдық тарифтердің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-тен 30%-ке дейін өседі. Бұл – барынша ұстамды тариф. Онсыз коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мүмкін емес. Тариф мәселесінде біз барлық жақтың да мүдделерін ескеретін тең ортаны таба білуіміз керек. Яғни саланы дамыту қажеттілігін де, халықтың мүмкіндігін де ескеруміз керек.

Станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келді. Сондықтан жөндеу жұмыстарына қаражат салған жоқ. Қаражат салынса да, ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебіне жүзеге асырылды, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Айтуынша, энергия нысандарын жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті.

Металл мен құбырлар, арматура мен электротехникалық бұйымдардың және басқа да жабдықтардың бағасы айтарлықтай өсті. Жалақының төмен болуына байланысты энергетика саласынан білікті мамандар жаппай кете бастады. Ал, кәсіпорындар оларға тиімді жұмыс жағдайын ұсына алмады. Бұған қоса, 2021-ші жылдан бастап Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы пайда болды. Біз электр қуатын ұлғайтуға тиіспіз. Сондықтан тарифтерді өсіру – қажеттілік, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы