Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу барысында айтты.
Азаматтардың әл-ауқатын арттыру ұлттық экономикаға түсетін салымдарсыз мүмкін емес. Үкімет экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жалғастыруы керек. Салық кодексіне оны жеңілдету мен бәсекелестікке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында ревизия жүргізу керек, - деді ол.
Мемлекет басшысы атап өткендей, шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аудару керек.
Бизнесті жүргізу мен енгізуге қолайлы жағдай жасау керек. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жаңа саясатқа негізделген әдістерді көбейту керек. Мен реттеуді жаңа парақтан бақылауға тапсырма бердім. Ол бизнесті жүргізу мен енгізуге жағдай жасады. Ондай Жарлыққа 2020 жылдың соңында қол қойдым. Осыған орай Үкімет 2021 жылдың маусымында Мәжіліске маңызды заң жобасын енгізеді. Депуттаттарды аталған заң жобасын барынша қарап, кәсіпкерлер мен қоғамның мүддесін ескеруді тапсырамын, - деді Президент.