Үкімет: ел экономикасының өсу болжамы 3,9%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді

5 Сәуір 2022, 09:33
1624
Бөлісу:
Үкімет: ел экономикасының өсу болжамы 3,9%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Мәселен, жыл басынан бері ел экономикасы өсуінің оң серпіні байқалған. Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтар-ақпан айларда 3,5 пайызды құрады. Сонымен қатар халықаралық қаржы ұйымдары осы жылы әлемдік Жалпы ішкі өнімнің өсу перспективаларының төмендеуін күтуде. Мысалы, S&P Global Ratings агенттігі 2022 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 4,2%-дан 3,6%-ға дейін түсірді, - деді ведомства басшысы.

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрінің мәлімдеуінше, мұнай нарығында жыл басынан бері мұнайдың Brent маркасының орташа бағасы барреліне 98 АҚШ долларды құрады. Бұл ретте мұнай бағасы бойынша Дүниежүзілік қаржы ұйымдары 2022 жылы мұнай бағасын 74 АҚШ доллармен 105 АҚШ доллар аралығында болжайды.

Айтуынша, макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 АҚШ доллар деңгейінде айқындалды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ел экономикасының өсу болжамы 3,9%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте номиналды жалпы ішкі өнім 91,5 трлн теңге көлемінде бағалануда, бұл мақұлданған болжамнан 3,5 трлн теңгеге жоғары. Өңдеуші өнеркәсіптегі болжамды көрсеткіштер әлемде протекционизмнің күшеуюіне және тарифтердің өсуіне байланысты металлургиядағы өндіріске шектеу қою салдарынан 3,5%-дан 2,9%-ға дейін төмендетілді, - деді Әлібек Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы