Үкімет басшысы Өскенбаевтың жұмысын сынға алды

2 Тамыз 2022, 11:40
3037
Бөлісу:
Үкімет басшысы Өскенбаевтың жұмысын сынға алды

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Индустрия министріне елдегі жол сапасына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы уақытта жергілікті жолдардың қанағаттанарлықсыз сапасына қатысты көптеген шағымдар келіп түсуде. Халық күн сайын бір учаскелердегі шексіз жөндеу жұмыстарының нәтижелерін сезінуге мәжбүр. Қайырбек Айтбайұлы, жолдардың сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қолданылуда?, - деді Үкімет басшы Әлихан Смайылов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жол құрылысының сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Құрметті Әлихан Асханұлы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жол құрылысының сапасын жақсарту үшін министрлік жүйелі шаралар мен жаңа тәсілдерді әзірлеуде.  Біріншіден, кепілдік кезеңінде ақаулар пайда болған жағдайда техникалық, авторлық қадағалау және тапсырыс берушінің жауапкершілігін күшейту көзделеді, - деді Индустирия министрі.

Қайырбеков екіншіден, ФИДИК элементтерін енгізу арқылы  толық аяқталған схема бойынша EPC келісімшарттарын енгізу екенін атап өтті.

Үшіншіден,  жаңа технологияларды енгізу және кадрларды даярлау. Бұдан басқа, сапаны қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдарға қаржылық тәуелділікті жою үшін «Көлік туралы» Заң жобасының шеңберінде (Мәжілісте) бірыңғай шартқа қол қою тетігі уәкілетті органмен және Сапа орталығымен пысықталатын болады. Бұл шартқа қарамастан әкімдіктердің атына ескертулер беруге және олардың міндетті түрде орындалуын талап етуге мүмкіндік береді, - деп жауап берді министр. 

Өзгелердің жаңалығы