Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту – экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі.
Сондықтан жекешелендіру мәселесі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ерекше бақылауында болуы тиіс. Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сатуға қойылған әрбір нысан бойынша Жол картасы әзірленді. Олар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған, - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Сонымен қатар ол активтерді бәсекелес нарыққа жоспарлы түрде шығаруды қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.
Сондай-ақ объектілердің сату алдындағы дайындық сапасына да көбірек көңіл бөлу керек. Кешенді жоспарды толыққанды іске асыру үшін жекешелендіру процесінің ашықтығын арттыру қажет. Өкінішке қарай, кейбір өңірлер жоспарды орындай алмай отыр. Бұлар – Маңғыстау және Ақтөбе облыстары. Мемлекеттік органдар, өңір әкімдіктері, квазимемлекеттік сектор ұйымдары жоспарды нақты орындауы қажет. Жыл қорытындысы бойынша жұмыстарыңызға тиісті баға берілетін болады, - деді Әлихан Смайылов.
Айта кетерлігі, IPO шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жай акцияларына жазылу аяқталды. Ал бейсенбі күні IPO іске қосылады.