Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында уақытша аурухананың құрылысы аяқталды. Жақын арада госпиталь пациенттерді қабылдай бастайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Қаңтардың 20-сына қарай Хубэй провинциясцының билігі коронавирусты тез жұқтырғандардың саны артып жатқандықтан, жаңа аурухана салуға кірісіп кеткен болатын. Бұған дейін салынған "Хошэньшань" ауруханасы 1 мың адамға арналса, "Лэйшэньшань" ауруханасына 1,5 мың адам сыяды. Бұдан бөлек бұрынғы ауруханаларды да коронавирус жұқтырғандарды қабылдау үшін пайдаланып жатыр.Жаңадан салынған Жихай (Rihai) ауруханасының құрылысын бейсенбі күні тексеріп аяқтады. Оған 3690 адам сыяды. Мұндай уақытша ауруханалардың ең үлкені. Оны бос тұрған төрт зауыттың орнына жаңартып салды. Жалпы ауданы – 54 мың шаршы метр.
Уханда коронавирустың ушығуынан ауруханаларда орындардың жетпеуінен уақытша 12 аурухананы пайдалануға берді.