Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласындағы ауруханадан COVID-19 диагнозымен жатқан соңғы үш науқас жазылып шықты. Мұны қала әкімшілігі хабарлады.
Әлемді шулатып отырған коронавирус дерті 2019 жылдың желтоқсан айында нақ осы қаладан бастау алғандығы белгілі.РБК таратқан хабарда 5 маусым күні түн ортасынан бастап Ухань қаласы мен Хубэй провинциясында коронавирустың бірде-бір жаңа дерегі тіркелмегендігі айтылған. Соңғы үш науқас ауруханадан жазылып шыққан. Сөйтіп қалада бірде-бір коронавирус науқасы қалмаған.
Еске сала кетсек, эпидемия етек алған кезде Хубэй провинциясында 68 135 адам COVID-19 дертіне шалдыққан болатын. 63 623 адам ауруынан сауықты, 4 512 адам қайтыс болды.