Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық теннисші 3-айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен кездескен еді.
Бірінші партияда екі брейк жасаған Елена – 6:1 есебімен жеңді. Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастап, онда да 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен таласады.