Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымында өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапованың екінші қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы mmajunkie.usatoday.com агенттігі хабарлады.
Агапованың келесі жекпе-жекпегі 22 тамызда өтуі тиіс, ал қарсыласы Шана Добсон болмақ. Алайда, бұл кездесудің қайда өтетіні әзірге белгісіз.Айта кетейік, Мария Агапова 14 маусымда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы UFC Fight Night 172 кешінде бірінші раундта Ханна Сайферсті жеңген болатын.
Осыдан кейін америкалық Шана Добсонды октагонға шақырып отыр. 31 жастағы Добсон аралас жекпе-жектен жеті рет кездесуге шығып, үшеуін жеңіп, төртеуінде қарсыластарына есе жіберген.
Мария Агапова 1997 жылы 7 сәуірде дүниеге келген. Кереку өңірінің тумасы жекпе-жек түрлерімен жастайынан айналысқан. Әуелі кикбокстың әдіс-тәсілін үйренсе, кейін классикалық бокс үйірмесіне барған.