Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шавкат Рахмоновтың (12-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қарсылас болатын польшалық Бартош Фабински (17-3) өзінің жеңетініне сенеді.
Ол Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық файтердің осал спортшы емес екендігін де айтты.
Үзілістен кейін октагонға оралғым келді, сондықтан UFC-ден жауап күттік. Электронды күйде қарсыласымыздың аты жазылған хат келді. Ол - Шавкат Рахмонов. Бапкерім оны М1 чемпионы ретінде біледі, бірақ, мен жеңетініме сенемін. Қарсыласымды сыйлаймын, Шавкат партерде де, жұдырықтасқанда да өте қауіпті. Жан-жақты файтер, жас, жылдам, дәлдігі де жақсы. Дегенмен менің дағдыларым жетерлік деп ойлаймын, - дейді Бартош Фабински.
Бұл өзінің жекпе-жегі болатынына сеімді польшалық спортшы қазір күн санап жүрмін айтты.
Польша тауларындағы ауыр жаттығу лагерінен келдім. Енді Варшавадағы WCA Fight Team залында қаламын. Біздің зал Еуропадағы ең мықтылардың бірі. Сондықтан толық дайын боламын. Рахмонов мен үшін үлкен сын болады, бірақ, жекпе-жектен кейін менің қолымды жоғары көтереріне сенімдімін, - дейді Фабински.