UFC чемпионы эмоциясын ұстай алмады

26 Наурыз 2025, 14:54
1009
Бөлісу:
UFC чемпионы эмоциясын ұстай алмады
Фото: elespanol.com

Илия Топурияға Испанияның Толедо қаласында көше аты берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көшенің аты "Paseo Ilia Topuria" деп аталады. Бұл құрмет Топурияның UFC жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы атанғаннан кейін оның спорттағы жетістіктерін мойындау ретінде берілген.

Топурия ММА (аралас жекпе-жек) мансабын 2015 жылы бастаған. Ол UFC-ге 2020 жылы келіп, сол кезден бастап үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ол UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, өзінің кәсіби мансабын жақсы бастады. 

2024 жылдың ақпанында Илия Топурия Александр Волкановскиге қарсы жекпе-жекте жеңіп, жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды.

Өзгелердің жаңалығы