ҮЕҰ жұмысына жасанды интеллектіні енгізу жолдары талқыланды

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 29 Қазан 2026, 23:09
29 Қазан 2026, 23:09
145
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада Қазақстанның Азаматтық альянсының «Ұстаным» пікірталас клубының отырысы өтті.

«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстан: цифрлық трансформация, жасанды интеллект және азаматтық қоғамның жауапкершілігі» тақырыбына арналған жиында үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметіне заманауи технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.

Кездесуге мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және IT саласының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қатысып, елдегі цифрландыру үдерісінің басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Талқылау барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған жасанды интеллектіні жедел енгізу міндеттеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар ҮЕҰ қызметінде цифрлық шешімдерді қолдану, күнделікті жұмыс үдерістерін автоматтандыру және азаматтық қоғам институттарының ашықтығын арттыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттыру, жаңа технологияларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану қажеттігі сөз болды.

Жиын қорытындысы бойынша ҮЕҰ мамандарының цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ технологиялық өзгерістер кезеңінде мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары қарастырылды.

Наверх