ҮЕҰ-мен сауда саласының өзекті мәселелерін талқыладық – министр

24 Қараша 2020, 21:20
1387
Бөлісу:
ҮЕҰ-мен сауда саласының өзекті мәселелерін талқыладық – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, менің ойымша, өте маңызды іс-шара өтті. IX Азаматтық форум аясында біз салалық үкіметтік емес ұйымдармен сауда саласының өзекті мәселелерін талқыладық, деп жазды әлеуметтік желіде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Қазақстандық экспортқа қатысты жағдай бойынша көптеген мәселелер болды. Ковидтік дағдарыс саланы айтарлықтай құлдыратты. Бұл сұраныс пен бағаның төмендеуі және карантинге байланысты шекара мәселелері. Санэпид іс-шаралары тасымалдауды кешіктіреді, шекарадан өтуді шектейді және келісімшарттардың бұзылуына себеп болады.... Сауда және интеграция министрлігі үнемі сауда серіктестерімен келіссөздер жүргізеді, көптеген елдердің елшіліктерімен және үкіметтерімен жұмыс істейді. Бірақ дәрігерлер тыйым салған жерде саясаткерлер өз іс әрекеттерін шектеуге мәжбүр. Тауарларды таңбалау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі бойынша қызықты пікірталас болды. Мен оларды бір блокта қарастыру керек деп санаймын, себебі таңбалау мен техникалық регламенттер тұтынушыларға келетін өнім қауіпсіздігінің сапалы деңгейін қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады, – деп жазды минстр.

Сондай-ақ, ол неліктен Еуразиялық экономикалық одақта таңбалау туралы сөз қозғалатынын түсіндірді.

Бірінші кезекте, бұл өндірушілердің өнім қауіпсіздігі бойынша талаптарды орындауын бақылауға мүмкіндік береді. 90-2000 жылдары, ұлттық экономика мен өз өндірісіміздің қалыптасу кезеңінде, біз, шынын айтқанда, осы саланы қолға алмадық. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапа деңгейін бақылаудың төмендеуі нарыққа өте күмәнді сападағы өнімдердің кедергісіз енуіне әкелді. Бұл, ақыры аяғында, өндірушілердің өздеріне зиян тигізді: ережелерді сақтамағандар нарықта артықшылық ие болды. Ал адал бизнес өндірістің өзіндік құнынан айырылды. Бәсекелесуге тырысып, ол да бұзушылықтарға барды. Жабық зиянды шеңбер туындады. Біз Форум қарсаңында кәсіпкерлермен ZOOM-кездесуде таңбалау мәселесін талқыладық. Бір мәселе туындайды: таңбалау жабдықтары мен сәйкестендіру кодтарын сатып алуға байланысты қосымша қаржылық жүктеме. Бұл жоғары тәуекелдер мен орынды қорқыныш. Үкімет қазір Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен таңбалауды енгізу жоспарланған салаларда кәсіпкерлерді ынталандыру үшін мүмкін болатын құралдарды талқылауда, – деп жазды ол.

Министрдің айтуынша, таңбалау тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін де, нарықтың салықтық «тазалығы» үшін де маңызды.

Бірақ мемлекет бюджеттің басты «доноры» – бизнестің мүдделерін ескермей біржақты тәртіппен шешім қабылдамайды. Баланс іздейтін боламыз.Жалпы Сауда және интеграция министрлігі кәсіпкерлердің (өндірушілер мен сауда), тұтынушылар мен мемлекет мүдделерінің өзара тиімді тепе-теңдігін іздеуге тырысады. Осы тепе-теңдік негізінде бүкіл саланың «ойын ережелерін» қалыптастыруды көздейді, – деп жазды министр Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы