Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ 2021 жылға ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялады.
Конкурс денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, жастар саясаты мен балаларды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету бастамаларын қолдау, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, қоғамдық келісімді нығайту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, азаматтық қоғамды дамыту бағыттары бойынша 28 гранттық тақырып бойынша жарияланды.
ҮЕҰ-ға арналған гранттар Азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында беріледі.
Мемлекеттік гранттар беру конкурсына ҮЕҰ дерекқорында бар ҮЕҰ қатыса алады.
Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі, оның ішінде конкурсқа қатысуға өтінімге қойылатын талаптар ҮЕҰ үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Конкурстың толық шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 20 қаңтар күнгі сағат 18:30-ға дейін жалғасады.
Біз еліміздің әр өңіріндегі ҮЕҰ-ды мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурстарына қатыса отырып, азаматтық секторды қалыптастыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуға шақырамыз - делінген хабарламада.