ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды

18 Ақпан 2025, 14:04
265
Бөлісу:
ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды
Фото: gc.ua

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.

Байқау аясында ҮЕҰ бірнеше басым бағыттар бойынша жобаларды ұсына алады:

- Инклюзивті қоғамды дамыту;

- Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;

- Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;

- Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;

- «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;

- Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;

- Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;

- Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;

- Зооволонтерлікті дамыту.

Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.

Өзгелердің жаңалығы