ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды

Бүгiн, 02:25
145
Бөлісу:
ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.

Байқау аясында ҮЕҰ екі әлеуметтік сала – "Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау" және "Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу" бойынша жобаларды ұсына алады.

Грант тоғыз басым бағытты қамтиды:

- Құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті насихаттау.

- Қаржылық сауаттылықты арттыру және жастар арасындағы несиеге тәуелділіктің алдын алу.

- Қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалту және бейімдеу.

- Лудоманияның (ойынға тәуелділік) алдын алу.

- Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес.

- Жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу.

- Отбасын қолдау орталықтарына арналған онлайн-психологиялық қызмет ұйымдастыру.

- Медиа арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

- Отбасылық және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, балалар тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.

Өзгелердің жаңалығы