ҮЕҰ академиясы қоғам белсенділерін тегін оқудан өтуге шақырады

28 Шілде 2021, 19:03
2485
Бөлісу:
ҮЕҰ академиясы қоғам белсенділерін тегін оқудан өтуге шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҮЕҰ академиясы қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқытуды жалғастырып жатыр.

26 шілдеде қазақ тілінде білім беру бағдарламасының кезекті легі басталды, оған 80 ҮЕҰ қатысады. Әлі де кеш емес, тілек білдірушілердің оқуға қосылуға мүмкіндігі бар. Жаңа лек пилоттық режимде өтіп, 5 күнге созылады. Осы уақыт аралығында ұйымдастырушылар оқытуда қазақ тілді сегмент үшін сұранысқа ие бағыттарды ғана пайдалану арқылы аудиторияның ерекшеліктерін зерделеуді жоспарлап отыр, - делінген Азаматтық бастамалар орталығының баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҮЕҰ Академиясы жобасының мақсаты - ҮЕҰ үшін қолайлы жағдай жасау бәсекеге қабілетті үкіметтік емес секторды дамыту. Академия екі бағыт бойынша жұмыс істейді: «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі және ҮЕҰ өкілдеріне арналған жалпы білім беру бағдарламасы.

ҮЕҰ академиясы қоғам белсенділерін тегін оқудан өтуге шақырады

Оқытуды бастамас бұрын зерттеу жүргізілді, ол қоғамдық ұйым өкілдерінің экономикалық және қаржылық сауаттылық, заңдық және салықтық сауаттылық, жобалық менеджмент/жобаларды басқару, әлеуметтік жобалау, фандрайзинг слаларында білім деңгейін жетілдіру керек екенін көрсетті және бұл бағыттарды қамтитын бірегей бағдарлама жасауға мүмкіндік берді. Барлық жұмыс онлайн-режимде жүріп жатыр. Жобаға қазақстандық және халықаралық бизнес-тренерлер, кәсіби коучтер, бірегей жеке бағдарламалардың авторлары тартылған.

Біз қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жаңа деңгейге шығуына мүдделіміз. Ол үшін ҮЕҰ-дың осал тұстарын тауып және оларды түзетуге көмектесу керек. ҮЕҰ проблемаларының бірі - сапалы, әрі тегін білім алу. Сондықтан білім беру бағдарламасы мен әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі құрылды, - дейді ҮЕҰ Академиясы жобасының жетекшісі Ирина Виговская.

Оның айтуынша, мектеп пен бағдарлама қоғам белсенділері тарапынан үлкен қызығушылыққа ие және оқуға жоспарланған 1 000 қатысушының орнына 4 500-ден астам қатысушы тіркелді.

Дегенмен ұйымдастырушылар сапалы білім алғысы келетіндерді 20 тамызға дейін жалғасатын оқу модуліне қосылуға шақырады.

Мен үш оқу модулін аяқтадым: «Заң және қаржылық сауаттылық», «Ақпараттық технологиялар», «Қаржылық және экономикалық сауаттылық». Бұл курс – ҮЕҰ құруға енді қызығушылық танытып жүрген жандар үшін бұл курс таптырмас мүмкіндік. Материалдар қолжетімді, көп жағдайда - қарапайым сөздермен түсіндірілген. Одан бөлек, өз сұрақтарыңызды жаттықтырушыға немесе ұйымдастырушыларға бөлек жазуға және жоба аясында туындаған сұрақтарды талқылауға мүмкіндік бар. Алынған білім менің қызметіме өз көмегін тигізетіні сөзсіз. ҮЕҰ академиясы бұл слаға енді қадам басып келе жатқандардан бөлек, тәжірибелі қоғамшылдарға да тамаша оқу ресурсы ретінде қолайлы, - дейді Академия тыңдаушысы Валентина Алматинская.

Айта кетейік, ҮЕҰ Академиясы жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының көмегімен жүзеге асырылып жатыр.

ҮЕҰ Академиясына келесі сілтеме бойынша google-өтінімдерді толтыру арқылы кіруге болады:

- Жалпы білім беру компоненті;

- Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі.


Өзгелердің жаңалығы