ҰЭМ заң жобасына түзетулердің 5 блогын ұсынды

21 Маусым 2022, 16:14
1399
Бөлісу:
ҰЭМ заң жобасына түзетулердің 5 блогын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов мәлімдеді. 

Айта кетерлігі, Парламент Мәжілісінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша заң жобасы талқыға түсті. 

Заң жобасына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында және ағымдағы жылғы 21 қаңтардағы ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесудің қорытындысы бойынша берген заңнамалық тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жоспар-кестеде көзделген түзетулердің 5 блогы енгізілді. Заң жобасы, сонымен қатар Үкімет басшылығының тапсырмалары бойынша енгізілген түзетулердің қосымша блоктарын қамтиды.  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілетін түзетулер тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу негіздерін қысқартуды көздейді, - деп атап өтті вице-министр. 

Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және бәсекелестікті дамыту мақсатында: 

- мемлекеттік материалдық резервке тауарларды; 

- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті органдардың қызметтік үй-жайларды, көлік және өзге де техникалық құралдарды, ақпараттық жүйелерді, мүлік пен оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды сатып алуды бір көзден сатып алу құқығын алып тастау қажет.

«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Заңда «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу тәртібін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісу міндеттілігі заңнамалық тұрғыдан бекітіледі.

Қордың бәсекеге қабілетсіз сатып алуын қысқарту үшін холдингішілік кооперация шеңберінде сатып алу тәсілі алып тасталады. Сондай-ақ заң жобасында жеткізушілердің сатып алу тәсіліне қарамастан сатып алуға шағымдану құқығы қарастырылған. Заң жобасында бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау көзделген. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Министрлік бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау жөніндегі жұмысқа кірісті. Реформаның негізгі мақсаты – өңірлердің үлкен қаржылық дербестігін қамтамасыз ете отырып, олардың қаражатты жоспарлау практикасындағы қазіргі кемшіліктерді жою, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы