ҰЭМ мен ФДА ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

13 Мамыр 2021, 00:37
1152
Бөлісу:
ҰЭМ мен ФДА ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Францияның даму агенттігі өзара ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, меморандумға Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров пен Француз даму агенттігінің өңірлік директоры Винсен Купэн қол қойды.

Құжаттың негізгі міндеті энергетика, гидроэнергетика, энергия үнемдейтін және энергия тиімді технологияларды дамыту, сумен жабдықтау, санитария, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы және ирригация сияқты салаларды дамытуға қаржылық және техникалық жәрдемдесу бойынша ынтымақтастық. Ынтымақтастық теңдік және өзара тиімділік қағидаттарына негізделеді, - делінген хабарламада.

Меморандумға сәйкес, өзара іс-қимылдың негізгі мақсаты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоршаған ортаны, оның ішінде Париж келісімі шеңберінде дамыту, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсету, техникалық жәрдемдесу, сараптама жасау, білім алмасу және Еуропалық Одақ тарапынан гранттық қаржыландыру.

Сонымен қатар, тараптар Ынтымақтастықтың жеке бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін қарастырады. Оған қарыздар, техникалық көмек және гранттар кіруі мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында ФДА өкілдігі қызметінің болуы туралы келісімді әзірлеу мүмкіндігі қаралады.

Жалпы, меморандум бірлескен жұмысқа жаңа серпін беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға жол ашады.

Өзгелердің жаңалығы