Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА мен ҚФФ "Мектептегі футбол" бағдарламасын жалғастырады, деп жазды Prosports.kz.
Халықаралық білім беру бағдарламасы әлеуметтік және білім беру құралы саналады. Бағдарлама алғаш рет 2017 жылы іске қосылды.Қазақстанда жобаның алғашқы бөлігі ретінде "Футбол сабағы" жалпыұлттық бағдарламасы іске қосылды. Бұл арқылы орта білім беру мектептерінде бапкерлердің технологиясымен әдістеме оқыту жүйесі қолға алынды.
"Мектептегі футбол" бағдарламасының жаңа кезеңі 2020-2024 жыл аралығына жоспарланған. Жоба УЕФА құрамына енген елдерде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, "Бұқара футболы хартиясының" бір бөлігі болмақ.
Бұл бағытта жасалатын кезекті қадамдардың қарсаңында UEFA Share тақырыптық вебинары өтті. УЕФА-ның халықаралық сарапшылары Джейми Хоучен мен Стюарт Грив онлайн кездесуді жүргізді.
Қазақстан футбол федерациясынан Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің қызметкерлері қатысты.
"Футбол сабағы" жобасы біздің елімізде Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ортақ күшімен жүзеге асырылып жатыр. "Мектептегі футбол" бағдарламасының жаңа аспектілері УЕФА құрамына енетін мемлекеттердің білім беру министрліктері мен ұлттық қауымдастықтардың ынтымақтастығын жалғастыруды қарастырады.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бағдарлама Еуропа футбол қауымдастықтарының одағының жетекшілері мен сарапшыларының тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Қазіргі уақытта ҚФФ Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің қызметкерлері төрт жылға жоспарланған жұмысты аяқтап, әрі қарай жобаны жалғастыру үшін күш салуда.
УЕФА еуропалық тәжірибесі мол сарапшылардың көмегін ұсынады. Жобаны жүзеге асыратын ұлттық қауымдастықтар HatTrick құрлық бағдарламасы аясында қаржылай көмек алады.