Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуропа футбол федерациялары қауымдастығы (УЕФА) 2018/19 жылғы маусымды қорытындылап, клубтардың рейтингін жариялады.
Рейтинг командалардың еурокубоктағы нәтижелеріне және соңғы бес жылдағы көрсеткіштеріне байланысты түзілді. Алтыншы жыл қатарынан рейтингтің бірінші орынын Мадридтің «Реал» клубы бермей келеді. Олар 146 000 ұпай жинаған.
Осы маусымда ең көп ұпайды Каталонияның «Барселона» клубы мен Еуропа лигасының «Челсиі» еншілеген. Үздік үштікте Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Ливерпуль» бар.