“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы төрт ойыны да Алматыда өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ойындар Алматыда өтеді. Бұл нақты ақпарат. Мұны қала әкімдігі, “Қайрат” футбол клубымен бірлесіп бекіттік. Стадионның дайындығына келсек, УЕФА өкілдері келіп, бірнеше ескерту айтты. Қазір “Қайрат” футбол клубы өз қаражатына ол кемшіліктерді жойып, стадионды дайындауда, – деді Жарасбаев.
Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері 20 қыркүйектен бастап сатылымға шығатын болды.