Әуе рейсі. Елорда мен Алматы арасында күніне 4 рейс жасалады

28 Сәуір 2020, 13:39
1470
Бөлісу:
Әуе рейсі. Елорда мен Алматы арасында күніне 4 рейс жасалады

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында коронавирустық инфекцияның қазіргі жағдайы, қаладағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қалпына келтіру жөніндегі шараларға қатысты онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі халыққа арналған үндеуінде 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы қалалары арасында әуе рейстері ашылатыны айтылды. Осыған қатысты Бақтияр Мәкен алғашқы кезеңде ұшу жиілігі күніне 4 рейс болатынын айтты.
Рейстер санитарлық нормаларды қатаң сақтау арқылы жүргізіледі. Ұшақта адам саны барынша аз және жолаушылар арасындағы арақашықтық мұқият сақталады. Әуежайлар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Бүгінде әуежай жұмыс істеуге дайын тұр, - деді ол.
Әкім орынбасарының айтуынша, жолаушылар ұшар алдында коронавирусқа тест тапсырады.
Бүгін біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бұл мәселе жөнінде ақылдастық. Толық ақпаратты алдағы күндері тарататын боламыз, -деді Бақтияр Мәкен.

Өзгелердің жаңалығы