Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15-18 шілде күндері Удмуртия Республикасының басшысы А.В.Бречалов пен Удмуртияның шағын және орта бизнес өкілдерінің Нұр-Сұлтан қаласына іс-сапармен келеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Аталған кәсіптік миссияның мақсаты – бірлескен жобаларды іске асыру үшін серіктестерді іріктеу. Делегацияның сапары барысында Қазақстан мен Удмуртияның кәсіпкерлері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға және дамытуға бағытталған бірқатар іс-шара өтеді", - делінген таратылған ақпаратта.