Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды

20 Қараша 2022, 18:25
958
Бөлісу:
Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды
Фото: автордан

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігінде №257 сайлау учаскесі (Бейжің қаласы) өз жұмысын аяқтады, деп хабарлады Baq.kz тілшісі.

Дауыс беру учаскесі Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеді.

Сайлау учаскесі елдегі карантин талаптарына сай өтті. Сайлаушылар, дауыс беру учаскесіндегі комиссия мүшелері және басқа да қызметкерлер маска режимін қатаң сақтады.

Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды

Дауыс берушілердің қатарында Бейжіңдегі елшіліктің дипломаттары, студенттер, бизнес өкілдері мен басқа да сала қызметкерлері бар.

Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды

№257 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Нұрлан Аққошқаров учаскеге 135 адам тіркелгені туралы айтқан болатын.

Оның сөзінше, дауыс берушілердің ең жасы 18 жаста болса, ең үлкені 72 жаста. Айтуынша, 18 жастағы 3 студент алғаш рет Бейжіңдегі сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды

Сайлау учаскемізде дауыс беру Бейжің уақыты бойынша сағат 20.00-де аяқталды. Дауыс берушілер сайлау процесіне өте белсенді қатысты. Отандастарымыздың дауыс беру белсенділігі мен сайлауға қатысу қызығушылығына комиссия мүшелері дән риза. Сонымен қатар сайлауда адамдарды дауыс беруге үгіттеп, мәжбүрлеу болған жоқ. Дауыс беру азаматтардың өз қалауы бойынша өтті, - деді сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы.

Нұрлан Аққошқаровтың айтуынша, дауыс беру процесі Орталық сайлау комиссиясының бекіткен нұсқаулығымен және ҚР Конституциясында белгіленген заңға сәйкес жүргізілді.

Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды

Жергілікті Бейжің билігінің нұсқаулығымен және COVID-19-ды таратпауға қарсы көрсетілген шектеулерге сәйкес жүргізілді. Кіреберісте маска, санитарлық құрал-жабдықтар қойылған. Келушілер оларды пайдалана алды. Жалпы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар комиссияның бақылауында болды. Осындай шектеулерге қарамастан қазақстандық азаматтардың сайлауға қатысуына ешқандай кедергі болған жоқ, - деп айтты ол.

Нұрлан Аққошқаров атап өткендей, сағат 20.00-де сайлау учаскесінің есігі жабылды.

Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды
Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды

Қазір дауыс берушілердің дауысы саналып жатыр. Комиссия оның есебін Қазақстандағы ОСК-ға тапсырады. Ал бюллетеньдердің түпнұсқасы қайта іске қосылған Бейжің-Алматы рейсімен 22 қараша күні елге жіберіледі.

Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды
Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды

Сонымен қатар сайлау учаскесіне келушілер бауырсақ және басқа да тәттілерден дәм татты. Олар үшін қазақтың ән-күйлері ойнап тұрды.

Қытайда қазақстандық БАҚ-тан Baq.kz ақпарат агенттігі, Хабар24 арнасы және Қазақпарат ақпарат агенттігінің журналисі Бейжіңдегі дауыс беру барысы туралы ақпарат таратып жатыр.

Қытайда Бейжіңдегі сайлау учаскесінен басқа, Шанхайда №294 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Онда Цзянсу, Чжэцзян, Аньхуэй, Цзянси және Фуцзянь провинцияларында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс бере алды. Үшінші №293 сайлау учаскесі Гонконг қаласында жұмыс істеді.

Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды

 

Бұған дейін Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігінде №257 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша 7.00-де жұмысын бастағанын хабарлаған болатынбыз

Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды

Сонымен қатар Бейжіңдегі қазақстандық студенттер де өз таңдауларын жасап, сайлауда дауыс беріп үлгерді

Учаскеге тіркелгеннің барлығы сайлауға қатысты. Бейжіңде дауыс беру аяқталды
Өзгелердің жаңалығы