Учаскеге алғашқылардың бірі болып келгім келді: №50 референдум учаскесіне 2995 адам тіркелген

Жалпыхалықтық референдум басталмас бұрын BAQ.KZ тілшісі Астанадағы үш бірдей учаске орналасқан Оқушылар сарайына келді. Мұндағы №50 референдум учаскесіне 2995 адам тіркелген.

 Зәлімхан Төлеубеков Кеше 2026, 08:30
Кеше 2026, 08:30
150
Фото: Зәлімхан Төлеубеков

Жалпыхалықтық референдум басталмас бұрын BAQ.KZ тілшісі Астанадағы үш бірдей учаске орналасқан Оқушылар сарайына келді. Мұндағы №50 референдум учаскесіне 2995 адам тіркелген.

Мемлекеттік әнұран орындалғаннан кейін учаскелік комиссия белсенді астаналықтарды қарсы алды. Алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің қатарында Салтанат Дәулетова бар.

Мен осы маңда тұрамын. Учаскеге алғашқылардың бірі болып келгім келді. Қазір ораза ұстап жүрмін, сондықтан бүгін таңғы 04:00-де тұрып, сәремді ішіп, жинала бастадым. Сағат 06:29-да осында келіп, дауыс беру учаскесінің ашылуын күттім, – дейді ол.

Тағы бір қала тұрғыны Рауан Елімбаев та дауыс беруге ерте келген.

Саналы азамат ретінде осында келіп дауыс бердім. Бұл – біздің негізгі заңымыз, яғни Конституция. Сондықтан ерте келіп, азаматтық ұстанымымды білдіріп, дауыс беруді маңызды деп санадым, – деді тұрғын.

Еске салайық, бүгін еліміздің барлық өңірінде конституциялық реформа бойынша референдум өтіп жатыр. Кәмелетке толған барлық азамат тіркелген сайлау учаскесіне келіп “2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?” деген сұраққа жауап бере алады.

Наверх