Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ .Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді, - делінген баспасөз хабарламасында.
131 471 адам ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген.
ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны 131 471 адамды құрайды, оның ішінде 111 017 - биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 - колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері бар, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Карантин кезінде ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.