Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҰБТ кезінде үзіліс қалай беріледі? Талапкерлерге маңызды ескерту

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві
VIDEO
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушыларға үзілістерге қатысты маңызды ақпарат берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, тестілеу барысында талапкерлерге үш үзіліс қарастырылған:

• тест басталғаннан кейін 60 минут өткен соң – 2 минуттық үзіліс;
• 120 минуттан кейін – 3 минуттық үзіліс;
• 180 минуттан кейін – 3 минуттық үзіліс.

ҰТО өкілдері үзіліс кезінде талапкерлердің жеңіл жаттығулар жасап, су ішіп, өздерімен бірге алып келген шоколадты жеуіне рұқсат етілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, тестілеуге қатысушыларға аса маңызды жайт ескертілді:

Үзіліс кезінде тестілеу уақыты тоқтатылмайды, - деп нақтылады Ұлттық тестілеу орталығы.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық қорытындыларын жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы