ҰБТ-2019: 34 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

23 Қаңтар 2019, 16:49
4245
Бөлісу:
ҰБТ-2019: 34 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада алғашқы ақылы ҰБТ-ның қорытындысы шығарылды.

18-20 қаңтар аралығында еліміз бойынша талапкерлер ақылы түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Оған 35 838 талапкер қатысуға ниет білдірді. Алайда үш күнге жалғасқан тестілеуге 34 687 талапкер қатысты. Оның 9-ы мүмкіндігі шектеулі тапсырушы. 

"Қатысушылардың санаты бойынша: 29 789 - 11 (12) сынып оқушылары, 3 268 - шартты түрде түскендер, 2 781 - шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысушы. Тестілеуге қатысқандардың 25 615 қазақ тілінде, 10 162 орыс тілінде және 61 ағылшын тілінде тапсырды. Қысқы ҰТБ нәтижесінде 24 012 (69%) түлек белгіленген шекті деңгейден өтті, ал 10 675 (31%) тиісті 50 балды жинай алмады" - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов. 

Оның айтуынша, ҰБТ ережесінде ешқандай өзгеріс болмаған.

«Қаңтар, наурыз және тамыз айларында өткізілген ҰБТ-ға қатысу мектеп бітіруші түлектің ЖОО-на тек ақылы түрде түсуіге мүмкіндік береді. Егер мектеп бітіруші түлек мемлекеттік білім грантына ие болғысы келсе, міндетті түрде маусым айында өтетін ҰБТ-ты тапсыру керек. Тағы бір айта кетерлігі қаңтар, наурыз, тамыз айларында тапсыратын тестілеу сынағы үшін мемлекеттік бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалмайды», - деді Рамазан Әлімқұлов. 

Сонымен қатар, Әлімқұлов ҰБТ тапсыруда талапкерге жылдағыдай жағдай жасалғанын жеткізді,

«Түлектерге сертификатпен бірге қандай мамандықтарға қанша грант бөлінетіні туралы ақпарат, ерекші күтімді талап ететін жандарға көмекші мен сурдоаударма қарастырылады. Сол сияқты, онлайн транслияциялау, ұялы байланыс дыбысына шек қоятын құрылғы орнатылады, сонымен қатар call-орталық жұмыс істейді», - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы ҰБТ тапсыру барысынан фоторефортаж жасаған болатынбыз.

Ержан Жаубай

Өзгелердің жаңалығы