«ҰАТ» АҚ мамандары «Зерде» холдингін қолдап, Президентке хат жазды

27 Шілде 2022, 20:20
1999
Бөлісу:
«ҰАТ» АҚ мамандары «Зерде» холдингін қолдап, Президентке хат жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Зерде» холдингінің айналасында болып жатқан соңғы оқиғаларды және соңғы екі жылда жүргізілген ауқымды трансформациялық жұмыстардың жемісі мен нәтижелерін жоққа шығару әрекеттеріне қатысты «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ қызметкерлері мәлімдеме жасады. 

Олар «Зерде» холдингіндегі жағдайдың толық бейнесін беруді және оның маңыздылығын атауды аса қажет деп санайды. 

Өздеріңіз білетіндей, холдинг қызметкерлері Мемлекет басшысының атына ұжымды таратпау туралы өтінішпен хат жазған болатын. Алайда осыдан кейін интернетте холдингті кім жақтаушылар мен қарсылардың арасында «соғыс» басталып кетті. Біз өз қызметіміз бен жұмысымыздың нәтижелері туралы жарияланымдарға төлем жасамау саясатын ұстанамыз. Себебі, біз біреудің мүддесін жақтамаймыз, тек пайда әкеле отырып, өз жұмысымызды жасаймыз. Біздің нәтижемізді IT-нарық көріп отыр, олардың кейбірі бұл туралы әлдеқашан ашық айтып та үлгерді, - дейді Ұлттық ақпараттық технология орталығы мамандары.

Холдингтің тиімсіздігі, көпшілік айтқандай, оның тарихының алғашқы кезеңдерінде болған, бірақ соңғы екі жылда елеулі өзгерістер орын алды. Авторлардың пайымынша, бірақ қандай да бір себептермен бұл фактілер ескерусіз қалуда немесе бұрмаланған.

 Сонымен қатар, холдингті тарату квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін ұстауға арналған мемлекеттік бюджетті үнемдеумен негізделеді, бірақ сонымен бір мезгілде «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК бірдей штаттық кестемен жаңа ұйым құрылуда. Бұл қазірдің өзінде сұрақтар туғызып отыр.

2020 жылдан бастап оңтайландыру аясында холдингтің штат саны айтарлықтай қысқарды. 2021 жылы компанияның өндірістік қызметі тиімділіктің артуы аясында алғаш рет өзін толықтай ақтады.
Бір қызығы, 2020 жылы елді цифрландыру жұмыстары жаппай сынға ұшырады. Ал оның себебі 42 500 теңге көлеміндегі атаулы әлеуметтік жәрдемдерді ұсыну кезеңінде пайдаланушылар ағынына төтеп бере алмаған eGov порталының жұмысындағы тұрақты сәтсіздіктерден болды. Артынша «Зерде» холдингінің басшысы болып дербес маман Арман Абдрасилов тағайындалды, оған жағдайды тез арада түзетіп, салада жүйелі реформалар жүргізу тапсырылды, - деп еске салды сала мамандары.

Мәлімдемеден белгілі болғандай, холдинг пен еншілес ұйымдардың ішкі процестерін талдау мұндағы қиын жағдайды көрсеткен. Атап айтқанда, инфрақұрылым проблемалы жағдайда болды, тұрақты ақауларымен максималды жүктемеде жұмыс істеді, резервтік жүйе жоқ, байланыс арналары негізгі деректермен алмасуға мүмкіндік бермеді, бюджеттер мен сатып алу жүйесі сыбайлас жемқорлыққа толған, кадр тапшылығы бар. Трайбализм мен фаворитизммен қатар жүретін корпоративтік басқару жүйесі, тәуекелдерді басқару мәдениеті тіпті де қазіргідей емес.

 Карантиннің басталуы осының барлығының салдарын еселеп әшкереледі.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуде де еншілес компанияларға басымдық берілді. Бұл шаралар тек «ҰАТ» АҚ қызметінен цифрландыру саласындағы саясатты айқындайтын топтарға жылына 5 млрд теңге көлемінде пайда әкелді, яғни бюджетке осынша залал тигізді. Жүргізілген ішкі аудит 2018-2020 жылдары 17,5 млрд теңге орынсыз шығын болғанын көрсетті. Материалдар Қаржылық мониторинг агенттігі мен Антикорға берілді, - деп атап өткен мәлімдеме жасағандар.

Осылайша, «Зерде» холдингі мен оның еншілес компаниялары «Асыл Тау» бизнес орталығында (мекен-жайы: Астана қ., Алматы к-сі, 1) кездейсоқ емес және жоғары лауазымды шенеуніктің туысқанына жоғары бағамен жалдау ақысын төлеген. Жаңа басшылықтың бастамасымен ЭКСПО-2017 аумағында жаңа жиһазы бар А класындағы кеңселерге көшу үй-жайларды жалға алу құнын 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді. 

2020-2022 жылдары дәл осы «Зерде» жаңа басшылығының батыл әрекеттері мен жүйелі жұмысының арқасында холдингтің барлық компанияларының қызметінде айтарлықтай оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік туды. Сыбайлас жемқорлық схемалары жойылып, рушылдық пен жағымпаздық саясаттан меритократияға көшу байқалып, ауқымды кадрлық жұмыстар жүргізілді, - дейді сала мамандары.

Топтағы барлық компаниялардың қаржылық көрсеткіштері бірнеше есе өсті, бұл өткен кезеңдегі орасан тиімсіздіктің дәлелі. Атап айтқанда, «ҰАТ» АҚ 2020-2021 жылдарға жалпы кірісті сақтай отырып, таза пайданың 5 есе өскенін көрсетті (BDO халықаралық аудиторлық компаниясының есебімен расталған). 

Көрсеткіштердің өсуі 2022 жылы жалғасуда, нәтиже жоспарлы аудит кезінде айқындалады.
Қызметкерлердің дерегінше, жинақталған тәжірибе ұлттық бейнебақылау жүйесі сияқты тоқтатылған ірі инфрақұрылымдық жобаларды қосымша қаржыландырусыз іске қосуға мүмкіндік берді (бұрын бұл жобаға 50 млрд теңге жұмсау жоспарланған болатын). 

Сонымен қатар, Президенттік коммуникациялар, Үкіметтік коммуникациялар, Қорғаныс министрлігі желілерін жаңарту, сондай-ақ үзіліссіз байланыс үшін, оның ішінде төтенше жағдайлар, блоктау жағдайлары үшін ауылдық әкімдіктер деңгейіне дейін жаңа қауіпсіз байланыс желілерін салу жобалары жоспарлануда.

Ал мұның алдында еліміздің негізгі серверлік инфрақұрылымының қиын жағдайының дәлелі ретінде, жазда серверлік бөлмелердің қызып кетпеуі үшін қызметкерлерге сыртқы салқындату қондырғыларын қолмен суландыруға тура келгенін атап өту жеткілікті. Мәселен, «Электрондық үкімет» тарихында алғаш рет деректердің сақтық көшірмесін жасау қарастырылған. Деректердің жоғалу қаупі қазақстандық «Электрондық үкіметті» негізі қаланған сәттен бастап жүреді және цифрлық апат орын алуы мүмкін емес, - дейді «ҰАТ» АҚ мамандары.

Олардың сөзінше, «Электрондық үкіметтің» бағдарламалық бөлігінде де әлі шешімін таппаған бірқатар күрделі мәселелер бар. «Электрондық үкіметтің» көптеген құрамдас бөліктерінің құжаттамасы жоқ, технологиялар ескірген, ақпараттық қауіпсіздік стандарттары сақталмаған, заманауи әлемнің үнемі өсіп келе жатқан талаптары бізді технологиялық тұйыққа итермелейді, одан шығудың жалғыз жолы – жаңғырту. жинақталған «технологиялық қарызды» өтеу керек.

eGov-ты жаңғырту бойынша қажетті дайындық шаралары аяқталды және 2023 жылдың соңына қарай ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес барлық негізгі компоненттердің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі. Холдингтің өсуі нәтижесінде пайда болған үнемдеу есебінен жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, - деген қызметкерлер.

«Зерде» холдингі тиісінше «Қазақстан платформа ретінде» және «Орталық Азия платформа ретінде» жергілікті және жаһандық өңірлік жобаның бастамашысы болды. Бірінші жоба қазақстандық мемлекеттік басқару жүйесін цифрлық түрлендіруге бағытталған, екіншісі болашақта барлық деңгейдегі елдердің үздіксіз интеграциясын қамтамасыз ету үшін өңірлік цифрлық жобаларды жүйелеуге және үйлестіруге жұмыс істейді. 

Бастамаларды аймақтың барлық елдері, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар оң қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы