Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

11 Қазан 2019, 15:02
2623
Бөлісу:
Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрынғы ұлттық экономика министрінің бостандыққа шыққаны туралы ақпаратты аталған мекеме растады. Бұл туралы егжей-тегжейлі ақпарат кейіндеу беріледі.

 Естеріңізге сала кетейік, Қуандық  Бишімбаев 2018 жылдың наурыз айында 10 жылға бас бостандығынна айырылды. Айыптаушылар оны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Ол 2017 жылдың 13 қаңтарында тұтқынға алынған болатын. Оған Қызылордадағы әйнек зауытын салу барысында қылмыстық жолмен 1 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған. 

Кейін, 14 қазанда іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Ал 2017 жылдың 19 қазанында экс-министрдің ісі бойынша мемлекетке 1,2 миллиард теңге көлемінде шығын төленгені туралы хабарланды. Соған қарамастан, сотталушы өз кінәсін мойындамады.
Өзгелердің жаңалығы