Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр! UAE SWAT Challengе сайысының үшінші күнінде Қазақстан командалары елге ерекше қуаныш сыйлады. Барлық үш жүлделі орын қазақстандық командалар қанжығасында, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үш жүлделі орын: “Kazakhstan А” “Офицерді құтқару” тапсырмасын рекордтық уақытта (02:00 мин.) орындап, турнир кестесін бастап тұр. Екінші орынды “Kazakhstan В” жеңіп алды, үшінші кезең қола жүлдесі “Kazakhstan C” командасында.
.png)
Тағы екі команда 20 үздік қатарында: “Kazakhstan D” 19-шы болып тұр, одан кейінгі орында “Tomiris” қыздар командасы, ол әйелдер арасындағы үздік көрсеткішін қайталады әрі көптеген ерлер командасынан тағы да асып түсті.

Үш кезең нәтижесі бойынша “Kazakhstan С” бірінші орында берік тұр. Оған иық тіресіп, екінші болып “Kazakhstan А” келеді.
Осылайша, қазақстандық арнайы жасақ 48 елдің 109 командасы сайысып жатқан элиталық турнирде озып келеді.
Алда UAE SWAT Challenge турнирінің екі кезеңі қалды.