Уәде етілген қызметті толық көрсетпеген: Павлодарда кәсіпкер жауапқа тартылды

Тұтынушы жаңа ұсынылған келісімшартпен келіспей, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 22:53
Кеше 2026, 22:53
91
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Павлодарда кәсіпкер клиентке уәде етілген білім беру қызметтерін толық көрсетпегені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын IELTS емтиханына дайындық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге сүйемелдеу қызметі үшін 990 мың теңге төлеген. Алайда іс жүзінде тек 190 мың теңгеге қызмет көрсетілген.

Тұтынушы жаңа ұсынылған келісімшартпен келіспей, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Ведомство мамандары сот процесіне қатысып, жәбірленушіге қолдау көрсетті.

Нәтижесінде тараптар медиативтік келісімге келіп, кәсіпкер клиентке 750 мың теңге қайтаруға міндеттелді.

Наверх