ТЖМ жедел штабы: Бір тәулік ішінде 372 адам құтқарылды

30 Наурыз 2022, 09:30
1071
Бөлісу:
ТЖМ жедел штабы: Бір тәулік ішінде 372 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурызда Қазгидромет мәліметтері бойынша еліміздің Шымкент қаласынан басқа өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. 

Осы өңірлерде қар және жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күйшеюі ықтимал.

ТЖ министрлігінде ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізіп жатыр. Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда жедел желі телефоны жұмыс істейді.  

Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 372 адамды, оның ішінде 312 баланы құтқарып, эвакуациялады. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 техника жұмылдырылды, - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар.

Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін уақытша жылытудың 40 пункті дайындалды. Жол қызметтері қарды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 74 СМС-хабарлама жіберілді және «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 56 хабарлама жолданды, 15 телерадиоэфирмен қармау жүргізілді.

Қазіргі уақытта Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында автожолдардың 111 учаскесі жабылды, олардың 52-сі республикалық және 59-ы облыстық маңызы бар жолдар, - деп ақпарат таратты ТЖМ баспасөз қызметі.

Блок-бекеттерде 1 434 техника, оның ішінде 946 жеңіл, 482 жүк және 6 автобус тұр. Ақмола облысында – 735 техника (547 жеңіл және 188 жүк), Қарағанды облысында – 532 (жеңіл - 318, жүк – 208 және 6 автобус), Қостанай облысында – 57 техника (жеңіл - 35, жүк - 22), Павлодар облысы - 110 техника (жеңіли- 46, жүк - 64). 

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты дауылды желдің салдарынан шатырлардың бұзылуы мен ағаштардың құлауы, сондай-ақ электр энергиясының ішінара ажыратылуы болды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. ТЖ болған жағдайда 112 телефонына хабарласыңыз. Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріңіз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Елді мекендер арасындағы тас жолдарына шығуды жоспарламас бұрын, алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеу қажет. Ағаштардан, тұрақсыз және сынғыш құрылымдардан аулақ болыңыз, - деп ескертті ТЖМ.

Өзгелердің жаңалығы