Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі іргелес ауданға байланысты өткен тәулікте 14-ден 41 см-ге дейін көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, өзендегі су деңгейіне сағаттық мониторинг жүргізілуде.
Индер ауданы + 9 см
Махамбет ауданы + 2 см
Исатай ауданы + 2 см
Сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары аяқталғанын атап өткен жөн. Жағдай ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.