Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында "Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы. Авариялық-құтқару жұмыстары" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спикер болып Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Елдос Зияда, Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Бауыржан Ахметалин, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Қуаныш Темірбеков сөз сөйледі.
ТЖМ бастамасы бойынша ІІМ, әкімдіктермен және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп 2024 жылғы 14 желтоқсаннан Қазақстанда жаңа жылдық мерекелер кезеңінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады. Акцияны өткізудің алғашқы күндерінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен құтқарушылар пиротехникалық өнімді сақтау және өткізу орындарында 1 мыңнан астам бірлескен рейд өткізді. Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда, оның ішінде салют орындарында 4 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Қауіпсіздікті оқыту шеңберінде ұйым қызметкерлерінің, педагогтардың, студенттер мен балалардың қатысуымен 1 256 эвакуациялық жаттығу ұйымдастырылды, -дейді Елдос Зияда
Бауыржан Ахметалин атап өткендей, қысқы кезеңнен бастап құтқару бөлімшелері 793 адамды, оның ішінде 80 баланы құтқарып эвакуациялады, қар құрсауынан 125 бірлік техниканы шығарды. Эвакуацияланған адамдар ыстық тамақпен және жылы заттармен қамтамасыз етілген жылыту пунктінде орналастырылды. Соңғы екі тәулікте қар құрсауынан 140 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылды және эвакуацияланды, 10 бірлік техника шығарылды. Қыс мезгілінде зардап шеккен адамдар үшін жолдарда 1 548 жылыту пункті дайындалды. Сонымен қатар, қолданыстағы 40 трассалық медициналық-құтқару пункттері жылыту пункттері ретінде пайдаланылады.
ТЖМ бір ай бұрын басталған «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясының аралық қорытындысын шығарды. Акция аясында құтқарушылар мобильді топтардың құрамында еліміздің су айдындарында 7 268 рейд пен патрульдеуді жүзеге асырды. Рейдтер барысында мұзда үстіндегі қауіпсіздік және мұзда балық аулау ережелері түсіндіріледі, барлығы 52 284 адамға нұсқау берілді. Олардың жартысынан көбі балық аулау әуесқойлары мен аңшылар. Ең жоғары тәуекел аймағындағы халықты көбірек қамту үшін балық аулау құралдары мен басқа да аңшылық керек-жарақтарын бөлшек саудада сатудың 760 нүктесі қамтылды, әр дүкенде үгіт материалдары таратылды. Айта кету керек, мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу нәтижесінде адамдардың кінәсінен болады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тек акция кезеңінде 156 хаттама жасалды, жалпы сомасы 4 млн. астам теңге айыппұл салынды, - деп ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Қуаныш Темірбеков ақпараттандырды.
ТЖМ пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады.
Пиротехниканы ғимараттардан, автотұрақтардан 50 метр қашықтықта іске қосуға болады. Оларды кәмелетке толмағандарға өз бетінше пайдалануына тыйым салынады. Үйде отшашуды қолдануға мүлдем жол берілмейді. Сондай-ақ, салюттерді қолмен, балкондармен және лоджиялардан ұшыру қауіпті.
Сонымен қатар, пиротехникалық бұйымдарды тиісті сертификаттың бар екеніне көз жеткізіп, мамандандырылған павильондарда сатып алу қажет екендігіне назар аударамыз. Ең алдымен, қаптаманың тұтастығын және жарамдылық мерзімін тексеру керек.
Пиротехникалық өнімдер дұрыс пайдаланылмаса, әсіресе тұрғын үйлердің жанында және ашық жерлерде қауіпті болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен азаматтарды жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады. Мерекені өткізер алдында үй-жайлардың жай-күйін, олардың өрт қауіпсіздігінің барлық ережелеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін міндетті түрде тексеру қажет. Шыршалар мен олардың әшекейлерін орнату кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында төмендегі ережелерді ескеру қажет:
ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз! Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз. Сонымен қатар қараңғы уақытта және нашар көрінген кезде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады. Балаларды ешқашан мұзда қараусыз қалдырмаңыз!