ТЖМ волонтерлерге алғыс білдірді

22 Сәуір 2024, 16:24
497
Бөлісу:
ТЖМ волонтерлерге алғыс білдірді
Фото: Видеодан кадр

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңына келген ТЖМ өкілі еріктілерге алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылармен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге, тұрғындарға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіп жүрген волонтерлерге алғыс білдіреді, - деді Асқар Шәріп.

Оның сөзінше, Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде. 

Алдын ала эвакуацияланған тұрғындар эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйлерінде, сондай-ақ үй жануарлары құтқарылды. Өңірде барлығы 1,2 млн  астам қапшық және 22 мың тонна инертті материал төселді.

Атырау облысында бір апта ішінде Жылыой ауданының Құлсары қаласында жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен 86 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Өзгелердің жаңалығы