Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің санитарлық авиациясы аясында жағдайы аса ауыр жаңа туған нәрестені тасымалдау үшін Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша шұғыл медициналық рейс жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Астана қаласындағы Кардиохирургиялық клиниканың тікұшақ алаңына тікелей қонды. Бұл жерүсті көлігімен тасымалдау кезеңін болдырмай, науқас үшін тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік берді.
Санитарлық авиация рейсі медициналық көмекті жедел әрі қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етті.