ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде Павлодарға жеткізді

Мамандардың үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында азаматқа қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілді.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 21:50
Бүгiн 2026, 21:50
190
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысының Железинка ауылында 1972 жылы туған тұрғынның денсаулық жағдайы күрт нашарлап, оны облыс орталығына шұғыл жеткізу қажеттілігі туындады.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жедел түрде әуеге көтерілді. Медициналық қызметкерлердің сүйемелдеуімен науқас Павлодар қаласына аман-есен жеткізілді.

Мамандардың үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында азаматқа қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілді.

Наверх