Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде Өскеменге жеткізді

12 Қыркүйек 2025, 22:26
486
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиация бөлімшесінің экипажы Өскеменге шұғыл медициналық эвакуация жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ми-8» тікұшағын пилоттар Сергей Пинигин мен Олег Алфеев, сондай-ақ борт инженері Улбала Абдилдаев басқарды. Бортта санитарлық авиация дәрігерлері Рим Мендыбаев пен Татьяна Сергеева болды.

1985 жылы туған науқасқа жедел медициналық көмек қажет болғандықтан, ол Зайсан қаласынан Өскеменге жеткізілді.

Тікұшақтың жедел әрекеті шалғай өңірлерге уақытылы жетуге және пациентті қысқа мерзім ішінде қажетті емдеу мекемесіне жеткізуге мүмкіндік берді.

ҚР ТЖМ мәліметінше, ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының арқасында эвакуация сәтті өтті, науқас ауруханаға қауіпсіз жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы