ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде Ақтөбеге жеткізді

Ұшу аяқталғаннан кейін науқас медициналық мамандарға тапсырылып, қажетті ем қабылдауға жіберілді.

9 Маусым 2026, 08:54
АВТОР
 ТЖМ баспасөз қызметі 9 Маусым 2026, 08:54
9 Маусым 2026, 08:54
978
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы кезекті санитариялық рейсті сәтті орындады.

Ақтөбе – Шалқар – Ақтөбе бағыты бойынша жүзеге асырылған рейс барысында науқас облыс орталығына жедел жеткізілді.

Қолайсыз ауа райы жағдайына қарамастан, ТЖМ авиациясы санитариялық авиацияның медициналық бригадасымен бірлесіп ұшуды қауіпсіз әрі уақытылы орындады.

Ұшу аяқталғаннан кейін науқас медициналық мамандарға тапсырылып, қажетті ем қабылдауға жіберілді.

Наверх