Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ТЖМ тікұшағы нәрестені шұғыл түрде Өскеменге жеткізді

15 Қыркүйек 2025, 01:29
635
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Зайсан – Өскемен бағыты бойынша санитарлық рейс жасады. Арнайы операция сәбиге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рейсті тәжірибелі ұшқыштар Сергей Пинигин мен Бауыржан Бұтенбаев басқарды. Олармен бірге санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов пен Бек Асаубаев жұмыс істеді.

Ұшу сәтті өтіп, нәресте Өскемендегі медициналық мекемеге уақтылы жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай шұғыл авиациялық тасымалдаулар қысқа мерзім ішінде адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді және төтенше жағдайлар жүйесіндегі маңызды буын болып қала береді.

Өзгелердің жаңалығы