Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ұшқыштары Шығыс Қазақстан облысынан ауыр халдегі науқасты санитарлық авиация арқылы облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1951 жылы туған әйелге Зайсан қаласында шұғыл медициналық көмек қажет болған. Науқасты тасымалдау үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.
Рейсті ұшқыштар Сергей Пинигин, Леонид Калеканов және Айдар Мамырханов орындады. Ал санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Күдербаева мен Бек Асаубаев науқасты жол бойы медициналық бақылауда ұстап отырды.
Нәтижесінде пациент облыс орталығындағы медициналық мекемеге дер кезінде жеткізілді. ТЖМ мәліметінше, құтқару қызметінің тікұшақтары шалғай елді мекендердегі азаматтарға жедел көмек көрсетуге және адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.