Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ТЖМ тікұшағы ауыр хәлдегі баланы Өскеменге шұғыл жеткізді

1 Маусым 2025, 20:11
555
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

 Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы шұғыл медициналық эвакуацияны сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазавиақұтқару" мекемесінің ұшқыштары Бейбіт Смағұлов пен Шыңғыс Малипьянов 2015 жылы туған қыз баланы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге Катонқарағай ауданынан Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге дер кезінде жеткізді.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының арқасында баланың өміріне қауіп төндірмей, дер кезінде көмек көрсетілді.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары елді мекендердің бір-бірінен алыс орналасуына байланысты шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз етуге тәулік бойы дайын.

Өзгелердің жаңалығы