Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ТЖМ қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқарды

7 Маусым 2025, 02:16
531
Бөлісу:

Павлодар қаласы Усолка өзенінің коммуналдық жағажайында патрульдеу кезінде ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суда қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрамында 4 құтқарушы мен 2 жүзу құралы бар экипаж өзеннің ортасында суға батып бара жатқан адамды байқап қалған. Зардап шегуші судың бетінде тұра алмай, су астына кете бастаған.

Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп реанимациялық іс-шараларды бастады. ТЖМ өкілдері ер адамға жағдай жасап, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Дәрігерлер оның одан әрі жағдайымен айналысады, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы